Мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму саясатының басты басымдықтарының бірі – азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осы мақсатта мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы құрылымдар және жұмыспен қамту орталықтары тарапынан кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Жұмыссыздықпен күрес – тек жұмыс табумен шектелмейтін, кең көлемді әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бастамалар халықтың еңбекке араласу мүмкіндігін кеңейтіп, тұрақты табысқа қол жеткізуіне жағдай жасап келеді. Алдағы кезеңде жұмыспен қамту жұмыстарын күшейту, жастар мен әлеуметтік топтарға қолжетімді мүмкіндіктерді арттыру және жаңа кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар жалғасады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында Шымкент қаласында тұрғындарға арналған ақпараттық-түсіндіру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар қалалық жұмыспен қамту орталықтары, аудандық әкімдіктер және әлеуметтік сала мамандарының бірлескен жоспары аясында жүзеге асуда.
Жақында мамандар «Самал» базарында азаматтармен жұмыспен қамту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға базар ішіндегі жүрген азаматтар және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – қала тұрғындарына жұмыспен қамтудың мемлекеттік белсенді іс-шаралары жөнінде ақпарат беру және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.
Түсіндіру жұмыстары барысында сала мамандары азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар («Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Күміс жас» және «Ұрпақтар келсімшарты») таныстырды және өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы туралы толық ақпарат беріліп, қоныс аудару шарттарын түсіндірді.
Нәтижесінде 50-80 ге жуық азаматқа субсидияланатын жұмыс орындары жөнінде ақпараттық-танымдық буклеттер таратылды. Келген 8-азаматқа электронды еңбек биржасы«Enbek.kz» ақпараттық экожүйесі жүктеліп, оларды жұмыссыз ретінде тіркелу, бос жұмыс орындарын қарау, онлайн оқу мүмкіндіктері бойынша нақты нұсқаулық беріліп, 3-азамат жұмыс іздеуші болып тіркелсе, оның 5-азаматы тұрақты жұмысқа жолданды.
Жергілікті атқарушы органдар алдағы уақытта да халықпен тікелей кездесулер санын көбейтіп, еңбек нарығына қатысты ақпараттың қолжетімділігін арттыруды жалғастырмақ.


