Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға комиссия отырысы өтті

Oinet.kz 02-12-2025 4

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығы негізінде, Шымкент қаласында 2026 жылға 450 жұмыссыз азаматты білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бойынша, ал 160 жұмыссыз азаматты жұмыс берушідегі жұмыс орнында оқыту жоспарланған.

image.png

2026 жылғы жоспарды орындау мақсатында, 2025 жылы 1 қазанмен 31 қазан аралығында білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 38 жұмыс берушінің 1905 орынға (білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бойынша 20 жұмыс берушіден 1450 орын, жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға 18 жұмыс берушіден 455 орын) берген өтінімдері Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысының қарауына ұсынылды.

Нәтижесінде, Комиссия мүшелерінің шешімімен білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуға 19 жұмыс берушінің 12 мамандық бойынша 260 орынға оң шешім берілсе, ал  жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға 14 жұмыс берушінің 13 мамандық бойынша 160 орынға оң шешім берілді.    

Қазіргі таңда, оң шешім алған жұмыс берушілермен келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Осы бекітілген өтінімдер бойынша 2026 жылдың ақпан, наурыз айларында Кәсіптік оқытуға жолдау жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.

Кәсіптік оқыту – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға, азаматтардың өмірлік дағдыларын жетілдіруге және олардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік-экономикалық құрал. Заманауи жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін тек жалпы білім жеткіліксіз, нақты кәсіп пен кәсіби білік қажет. Осы тұрғыда кәсіптік оқытудың маңызы бірнеше негізгі бағытта көрініс табады:

1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді

Кәсіптік оқыту бағдарламалары нақты салалардағы сұранысқа бағытталған. Тігінші, дәнекерлеуші, аспаз, шаштараз, электрмонтажшы, ІТ-маман – мұндай мамандықтарға деген қажеттілік әрдайым жоғары. Оқыту еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайтады және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге үлес қосады.

2. Азаматтардың кәсіби дағдыларын дамытады

Кәсіптік оқыту барысында тыңдаушылар тек теориялық білім алып қана қоймайды, сонымен қатар практикалық шеберлігін шыңдайды. Бұл олардың еңбекке жылдам бейімделуіне, өз мамандығы бойынша сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі.

3. Тұрақты табысқа жол ашады

Қолында кәсіби біліктілігі бар азаматқа жұмыс табу әлдеқайда жеңіл. Кәсіптік оқыту олардың тұрақты табыс көзін қалыптастыруына, отбасылық әл-ауқатын жақсартуына мүмкіндік береді. Кейбір түлектер кәсіптік дағдыларын жеке кәсіп ашуға да пайдаланады.

4. Әлеуметтік осал топтарды қолдайды

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы көпбалалы аналар, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыз азаматтар тегін оқыту курстарынан өтеді. Бұл топтардың қоғамға белсенді араласуына, экономикалық дербестікке жетуіне ықпал етеді.

5. Экономиканың дамуына серпін береді

Білікті кадрлар – кез келген өндірістің, қызмет көрсету саласының негізі. Кәсіби мамандардың көп болуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнес секторын кеңейтуге, экономикалық өсімге жол ашады.

6. Жастардың мансаптық мүмкіндігін арттырады

Кәсіптік білім алған жастар еңбек нарығына ерте араласып, тәжірибе жинақтап, болашақта мансабын қалаған бағытта дамытуға мүмкіндік иеленеді. Оқытудың икемді бағдарламалары олардың заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашады.

Әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілуде
Шымкентте құқық бұзушылықтарды анықтаудың жаңа әдісі енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу