Биыл 1 миллион 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде

Oinet.kz 11-12-2025 22

      Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Астана қаласында өткен баспасөз конференциясында мегаполис тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жайына тоқталды. 

image.png

    Шымкентте қала тұрғындарын баспанамен қамту басты назарда деген шаһар басшысы биыл 1 миллион 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Оның қазіргі кезде 982 мың шаршы метрі пайдалануға берілгенін жеткізді.  Дегенмен, халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік артып, тұрғын үй кезегіндегі азаматтар саны 90 мыңнан асқанын да жасырмады.  

Әкімнің есебіне сүйенсек биыл қалада 3 808 пәтерлі 61 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2 574 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 523 пәтер сатып алынуда»-деді, қала басшысы Ғ.Сыздықбеков Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

      Сондай-ақ қала әкімі өз сөзінде  жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек ретінде табыс деңгейі төмен 388 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілгенін айтты.  Бұл қолдау әсіресе баспана алуда бастапқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ жанұялар үшін үлкен демеу болып отыр.

Айта кетері, әкімдіктер табысы төмен отбасылар үшін тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй сертификатын ұсынады. Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаты ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін беріледі.  Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағыттары бойынша тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Өтініш берушінің және оның отбасындағы әрбір мүшенің соңғы 6 айдағы орташа табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті төлемдерді қоспағанда) 143 307 теңгеден аспауы тиіс. Бұл мөлшер ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (2025 жылы – 46 228 теңге) аспауы қажет.

Қолдау алған тұрғындардың қатарында көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар және табысы аз азаматтар бар. Бағдарламаның алдағы жылдары да жалғасуы жоспарланып отыр.

Ғабит Әбдімәжитұлы брифингте қала бойынша реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 12 үйдің иелеріне 120 жаңа пәтер табысталғанын жеткізді. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы тозығы жеткен немесе апатты деп танылған үйлерді жаңғырту бағдарламасы қарқынды жүруде. Реновацияның басты мақсаты - тозығы жеткен тұрғын үй мәселесін шешу. Бағдарлама аясында бұзылған үйдің иесіне заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған жаңа абаттандырылған тұрғын үй кешенінен пәтер беріледі. Бағдарлама шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сондай-ақ, тұрғындар бұл пәтерлерге құжаттарын рәсімдеген соң кез-келген мақсатта пайдалана алады.

6,6 трлн тенге инвестиций намерены привлечь в экономику Шымкента в ближайшие пять лет
«Қиял әлемі» және «Кең баба» демалыс орындары аумағына жаңа саябақ салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу