Сапалы киім тігетін зауыт

Oinet.kz 21-11-2025 28

  Статистикалық деректерге сүйенсек  2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 150,5 млиллиард теңгеге өнімі өндірілген.  Мамандар өткен жылмен салыстырғанда өсім 6,8% құрады деп отыр. Бұл көрсеткіш тоқыма өнімдері өндірісінің ұлғаюымен (+11,6%), былғары өнімдері өндірісінің (+8,3%) және киім өндірісінің артуымен (+0,4%) байланысты. 

image.png

Жеңіл өнеркәсіп өнімі бойынша 2025 жылдың қаңтар–қыркүйегіндегі физикалық көлем индексі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4% болған. ИФО өсімі тоқыма бұйымдары (115,8%) мен киім өндірісінде (102,2%) байқалады.

Бұл саланың өндірісі негізінен үш өңірде шоғырланған: Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Алматы облысы. Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп республикадағы жалпы өндірістің 15,9%, Шымкент қаласында 14,1%, ал Алматы облысында 10,5% үлесті құрайды.

Үшінші мегаполистегі «KazTexIndustry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  - бұл кез-келген киім түрі мен арнайы киім формаларын тігетін фабрика. Мұнда әуелде перзентханада жаңа туылған нәрестелерге арналған киім-кешектер шығарылған. Пандемиядан кейін медициналық киімдерде дайындалады. Қазіргі таңда медициналық тауарларға басымдық берілгендіктен балаларға арналған киімдердің айына тек 2000 данасы шығып жатыр. Болашақта мөлшері артады. Ал медициналық тауарлардың айын 150 мың данасы шығады. Басым бөлігі антиплагиалық костюм. 

«Біздің цехта медициналық маска, арнайы форма және балаларға арналған киімдер. Сонымен қатар бір реттік және көп қолдануға жарайтын медициналық өзге де киімдер тігеміз. Күн  сайын тігетін киімдеріміз ауысып тұрады. Айталық бүгін маска тігетін болсақ бір күнде 500-ге дейін маска тігеміз. Осы фабрикадан табысымды тауып отырмын. Тігетін материалдарымыз өте сапалы  »,- дейді тігіші Сымбат Жаңабай. 

Антиплагиалық костюмдер герметикалық материалдардан тігіледі. Сапасы өте жоғары. Сол себепті сұраныс көп. 

«Балаларға арналған киімдердің матасының сапасына аса көңіл бөлеміз. Біз ол үшін Ресей, Түркияның маталарын қолданамыз»,- дейді «KazTexIndustry» ЖШС директоры Наргиза Иманкунова. 

«KazTexIndustry» фабрикасы кез-келген тапсырысты жылдам әрі сапалы орындап береді. Клиенттері дән риза. Қазақстанның барлық аймақтарында дистрибюторлары бар. Тауарды жеткізіп береді. Сол себепті сапалы өнімді таңдап отандық кәсіпкерлерді қолдап жүрейік. 

Шымкентте  жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар көп. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.Н.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы» ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза»  ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар қарқынды жұмыс жүргізуде.

Жалпы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп қарқын алуда.  Мамандардың айтуынша  ағымдағы жылы 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылған. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырды. Бүгінде елімізде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның жартысынан астамы киім тігушілер. Анықтама: 803 — тігін өндірісі, 481 — тоқыма өнеркәсібі, 122 — тері және ілеспе бұйымдар шығаратын кәсіпорын.

Мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді арттыруда.  2024 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлер жабдықты сатып алуға кеткен шығындардың 40%-ға дейінін өтей алады, ол жылына 60 миллион  теңгеге дейін қаражатты құрайды. Одан бөлек, сала жылына 3 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, 9 арнайы экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енді. Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін 1100-ден астам тауар түрлерін мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босату қарастырылған. Мемлекет жергілікті өндіріске үміт артып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді тігіп, тоқып, өнім шығаратындарға көмектесуге дайын.

      Қазіргі таңда еліміз қай бағытта болмасын шетелдік импорттан бірте-бірте аралып келеміз. Бұған әрине республикада жүзеге асып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлерге жасалып жатқан оңды жағдайдайлардың жемісі деп білеміз. Өнім өндіру саласында үшінші мегаполистің де алар орны бөлек. Себебі мұнда мың түрлі заттар өнділіріп, еліміз бен шетел асып жатқан жағдайы бар. Осындай табысты жұмыс істеп отырған кәсіпорынның бірі - «TOP SELLER OF CHEMICAL PRODUCTS» ЖШС. Шымкенттік фабрика тұрмыстық-химиялық тауарларды жасайды. Күніне 3-5 мың тонна аралығында дайын өнім шығарады.  Тауарлар екі белгі яғни брендпен жасалады. Олар «Delix» және «Mеy». Жалпы химиялық тауарлардың 70-тен аса түрлері бар. Сусабын, сабын, крем, көлікке арналған тазартқыш заттар және тағысын тағы тұрмыстық химиялық тауарлар және антисептиктердің түрлері мұнда жетерлік. Барлығы заманауи технология және білікті технологтардың көмегімен жасалған. 

«Біздің шығарып отырған өнімдеріміз стандартқа сай жасалған. Косметикалық өнімдердің өз стандарты бар, тұрмыстық химияның өз стандарты бар. Ағартқыш құралдардың стандары бөлек болады. Осындай үш стандартпен жұмыс істеп отырмыз»,- дейді  «TOP SELLER OF CHEMICAL PRODUCTS» ЖШС бас технологы Гүлдана Есболатова. 

Мұндағы өнімдерге зиянды қоспалар немесе басқа да теріс қасиеті бар заттар қосылмайды. Барлығы да халықаралық талаппен стандарттарға сай.

Компанияның бас ғимараты мен цехы Шымкентте. Тағы Алматы қаласында филиалы бар. Бірақ Қазақстанның барлық аумағына тауарлар таратылады. Жеке кәсіпкерлерден бөлек 300-ден аса компания осы мекеменің тұрақты тұтынушысы.

Мегаполисте жеңіл өнеркәсіп өркендеп тұр
Ірі кәсіпорындар – қала экономикасының негізі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу