Мақсат айқын, жоба нақты, өрлеу бар..

Oinet.kz 07-08-2019 781

Screenshot_14.jpg 

Күн сайын гүлденіп, түрленіп келе жатқан Түркістан қаласын дамытудың  үшінші бағыты – өңірде өндеу өнеркәсібін дамыту болып табылады. 

 Қазіргі таңда Түркістанның өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын (оның 4 ірі және орта, 38 шағын, 12-і қосалқы қызмет түрлері бойынша)  жұмыс жасайды.  Өткен жылы  өнеркәсіп өнім көлемі 6810,0 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,5 пайызды құраған болатын.

 Үдемелi индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында 2010-2018 ж.ж. жалпы құны 11 189,2 млн теңгеге 15 жоба енгiзiлдi. Оларда 910 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан  2010-2018 ж.ж. құны 2114,0 млн. теңгенi құрайтын 10 жоба iске қосылып, 532 жұмыс орны ашылды, өндiрiлген өнiм көлемi 1487,0 млн. теңге, жалпы өнеркәсiп өнiмi көлемiндегi үлесi 13,2 пайызды құрады дейді салаға жауапты мамандар.

  Көне шаһарда 2018-2025 жылдар аралығында жалпы құны 28 703,2 млн. теңгені құрайтын 47 жоба іске қосылып, 1403 жаңа жұмыс орны ашылады деп болжамдалуда.

Алдағы уақытта Түркістан қаласының перспективалы дамуы бойынша ауқымды жобаларды іске асыру барысында кез келген күрделі инфрақұрылымды нысандарды салу және жобалаудың нормативті және шынайы мүмкіндіктері жасалып, көп ұзамай жаңа қала бой түзеп, көне шаһар - Түркістанның осы заманғы жаңа келбеті қалыптасатын болады.


Логистикалық орталық экономиканы гүлдендірмек
Қылует жер асты мешітінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу