Логистикалық орталық экономиканы гүлдендірмек

Oinet.kz 07-08-2019 839

Screenshot_13.jpg

Бүгінгі таңда мемлекетіміз үшін Түркістан облысы деп аталатын жаңа өңірді дамыту қадамының жөні тіптен бөлек болып отыр. Бұл өз кезегінде 1500 жылдан астам тарихы бар жәдігер қаланың ХХІ ғасырдағы жаңа келбетін танытқалы тұр. Осы орайда Түркістан қаласының - облыс орталығы болуына байланысты қаланың перспективалы дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Солардың бірі орта және бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

Түркістан қаласы тиісті өңірдегі ірі сауда-логистикалық орталықтардың бірі болып табылады. Республиканың 5 өңіріне (Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан) тауарларға деген сұранысты қамтамасыз ететін тарату орталығы. Сондай-ақ сауданың дамуына қаланың халықаралық маңызы бар теміржол және «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолының орналасуы ықпал етеді.

Мамандардың мәліметінше бұл ретте сауда-логистикалық орталық құрылысына 20,0 гектар жер телімі бөлініп, орталықтың құрылыс жұмыстарына 237,0 млн. теңге инфрақұрылымы жүргізілген. Қазіргі уақытта логистикалық орталықта Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің ұсынысы бойынша «Ер-Аман» шаруа қожалығы (2,5 га.) орналасқан. (жобаның құны 162 млн. теңге).

Салаға жауаптылар  алдағы уақытта – логистикалық орталықтың аумағын ұлғайту арқылы қала экономикасын дамыту мен сыртқы сауда айналымын арттыру,  нарықтағы бәсекелестікке жол ашып, бағаның төмендеуіне үлес қосуды мақста етіп отыр. Сондай ақ, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Мәдени астанада «қонақ үй» типіндегі үйлер саны көбейіп келеді
Мақсат айқын, жоба нақты, өрлеу бар..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу