Баян Алагөзова салмағы 105 келі ақтөбелік қызды жұлдыз қылмақ

Oinet.kz 11-10-2019 3563

Картинки по запросу Баян алагөзова

Продюсер Баян Алагөзова комедия жанрындағы тағы бір кинокартинаның тізгінін қолға алды. Қазіргі таңда басты рөлдегі қызды семірту процесімен айналысып жатыр екен, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап.

«Енді, танымал әрі дене бітімі томпақ қызды қайдан табамыз. Сондықтан, жаңа есімді іздеуге тура келді. Біз өте ұзақ іздедік, күнде кастинг болды. Кастингке Қазақстанның әр өңірінен келді. Нәтижесінде 23-жастағы Ақтөбелік аруды таптық. Ол бүгінде киноға әзірленіп, салмақ қосуда»,-  дейді Баян Мақсатқызы.

Айтуынша, ауыр салмақты қыз таубу қиынға түскен. Үздіксіз ізденістің нәтижесін ол ойындағы қызды Ақтөбеден тапқан.

«Ол жеткілікті дәрежеде томпақ болмады. Оның салмағы 97 келі, ал бізге 105 келі керек. Ол әзірге 5 келі салмақ қосты. Енді 2-3- келі тағы қосу керек. Біз оны күнде-күнде тамақтандырып жатырмыз», - дейді продюсер.

Жас қызды семірту үшін шоколад, картоп, гамбургерлер, кола. Қысқасы, салмақ қостыратын тағамдардың бәрін беріп жатқанын қосып өтті.

10 жылға сотталды деген экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты
168 жас дәрігер дипломмен ауылға аттанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу