Димаш Құдайберген тыңдармандарын таңғалтпақ

Oinet.kz 15-10-2019 895

Картинки по запросу димаш құдайберген

АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндері аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатқан «Arnau tour ENVOY" жаңа шоуында Димаш Құдайберген тыңдармандарын таңғалтпақ, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Arnau tour ENVOY" жаңа шоуының басты тақырыбы - ғарыш және шексіз кеңістік. Шоуда ескі хиттермен қоса, арнайы дайындалған жаңа шығармалар ұсынылады. Димаш қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілінде ән шырқайды", - делінген аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігі таратқан хабарламада.

Концерт бағдарламасын дайындауға талантты қазақстандық жастар жұмылдырылған. Шоу бағдарламаға қатысушылардың орташа жасы – 25.

ен әлемге мәдениетімізді "Arnau tour ENVOY" шоуы арқылы паш ететініме қуаныштымын. Нью-Йорктегі концерттің көрермендері заманауи нақыштағы қазақтың саф өнерімен таныса алады. Біз командамызбен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жобаға қатысы бар әр адамды кәсіби маман деп айта аламын", - дейді Димаш Құдайберген.

"Arnau tour ENVOY" шоуының промо-ролигі Алматы облысындағы Шарын шатқалында түсірілді. Оны талантты қоюшы-оператор Азамат Дулатов дайындады. Ол осыған дейін қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың фильмдері мен клиптерін түсірген.

Сондай-ақ, шоу хореографиясына Қуаныш Бекен мен Арсен Именов жауапты. Қуаныш Бекен ISDS нұсқасы бойынша "2018 жылдың үздік хореографы" атанған. Ал Арсен Именов Contemporary art бағытында жұмыс істейді. Ол түрлі еуропалық труппаларда өнер көрсеткен.

"Концерттегі  барлық хореографиялық элементтерді 10 бишіден құралған қазақстандық топ орындайды. Оның ішінде "Танцы на ТНТ" шоуының финалисі Александр Ли де бар", - делінген хабарламада.

Рухани жаңғыру: мақсат үздік әлемдік тәжірибені пайдалану
«Жастар жылындағы» игі шаралар жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу