Бір сағатта 12 адам сотқа шағымданды

Oinet.kz 24-10-2019 934

Screenshot_17.jpg

Бір сағатта Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековке 12 адам шағымданып келді. Олардың бірі полициямен соттасса, енді бірі әйелін ұрған бұзақыларға құзырлы орған қызметкерлерінің ешқандай шара қолданбағанына наразы. Осыған ұқсас шағымдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде айтылды. 

Түркістан қаласының тұрғыны Камшат Абсаттарова қауын сатқаны үшін кінәлі болып, ішкі істер саласының қызметкерлерімен соттасып жүргендігіне шағымданды. Ал, Таир Абдуалиев пен Акрамжан Абдуали жүкті әйелді ұрып кеткен азаматтарға құзырлы органдар ешқандай шара қолданбай отырғандығын сөз етті. Ал, Ануарбек Исабеков кәсібіне келтірілген шығындарға өтемақы ала алмай жүргендігіне арызданса, түркістандық Ғалымжан Жолдасбеков жұмыстан босату жөніндегі сот шешімімен келіспейтіндігін айтты. Кентау қаласының тұрғыны Роза Кикимбаева сотқа өтіп кеткен несие бойынша құқықтық кеңес сұрады. Қабылдауды тікелей эфирдегі әлеуметтік желі арқылы көріп, арнайы келгендер де болды.  

Талғат Қожанұлы тұрғындар тарапынан айтылған әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңесін айтты. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтындығын жеткізіп, арнайы жазып алды. Сот саласына қатысы жоқ жағдайларды құзырлы орган басшылары арқылы байланыс орнатып, талқылайтындығын айтты.  Қоғамдық қабылдауға келушілерге сот шешімдерінің орындалуы, сот сараптаманың жасалуы, сот шешімімен келіспеген жағдайда оған шағымдану тәртібі бойынша кеңестер берілді.

Алматыда жылу құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды
Жаһандық сауалнама жүргізу туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу