Алматыда жылу құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды

Oinet.kz 24-10-2019 886

Алматыда жылу құбырының жарылуы: Тұрғындар сусыз қалды

Райымбек даңғылы бойында жарылған жылу құбырының тозығы жеткен құбыр жарылды. Алматы әкімдігі жылу құбырының жарылу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Жарылған құбыр осыдан 48 жыл бұрын төселген. Оның диаметрі 800мм. 

«Төтенше жағдай 24 қазанда сағат 15:00-де тіркелді. Қазір ол жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апатты жоюға 3 арнайы техника, 1 экскаватор, 2 самосвал, 15 жұмысшы жұмылдырылды»,- деді әкімдік.

Еске салсақ, Алматыда жылу құбырының жарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып,көшелерді ыстық су басқан.

Салықтық қарыздарын төлемей жүрген азаматтар әрекет жасай батады
Бір сағатта 12 адам сотқа шағымданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу