2020 жылы Қазақстандықтардың демалыс күндері қандай болады?

Oinet.kz 25-11-2019 2539

2020 жылы қазақстандықтардың қалай демалатыны көпті қызықтыратыны анық. Осы орайда NUR.KZ порталы күнтізбеде ел тұрғындары үшін қанша демалыс күндері мен мерекелік күндер бар екенін анықтады, деп жазады Oinet.kz

2020 жыл.jpg

Алдағы жыл қазақстандықтар үшін дәстүрлі мерекелік күндермен басталады. Яғни, Қазақстан халқы Жаңа 2020 жылды қарсы алған соң қаңтардың 1 мен 4 аралығында демалады.

5-қаңтар (жексенбі) мен 6-қаңтар (дүйсенбі) жұмыс күні болады. 7 қаңтар Рождествоның құрметіне ел тұрғындары тағы да демалады.

Сонымен қатар ел көптеген күтетін мерекенің бірі- 8-наурыз халықаралық әйелдер күні.

Бұл мейрамға орай қазақстандықтар үш күн демалады (7-наурыз сенбіге, 8-наурыз жексенбіге түсетіндіктен, 9-наурыз дүйсенбі демалыс болмақ).

Сондай-ақ, Наурыз мерекесінде тұрғындар 21-наурыздан (сенбі) бастап, 25-наурызға дейін (сәрсенбі) демалады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күн жұмаға түскендіктен, қазақстандықтар бірден үш күн (жұма, сенбі, жексенбі) демалады.

Жеңіс күніне орай ел тұрғындары 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады.

Ал 6-шілде Астананың туған күніне орай 4-6 шілде аралығында үш күн демалыс болмақ.

Конституция күнінде де ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады (29-31 тамызда).

Одан кейінгі демалыстар тек желтоқсан айында болмақ. Тәуелсіздік күнінде ел тұрғындары төрт күн (16-19 желтоқсан) демалады. Сөйтіп жұмыс күні жексенбі күнінен басталмақ.

Қазақстандық азамат Дональд Трамптың мәртебелі мейманы болды (видео)
5 миллион теңге пара алған ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу