«Оралман» атауы заңды түрде өзгерді

Oinet.kz 11-12-2019 2524

Президенттің Twitter-дегі жазбасынан кейін "оралман" термині "қандас" деп ауыстырылатын болды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

оралман.jpg

Президент "оралман" сөзіне қатысты өз позициясын білдіріп, терминді "қандас" ұғымымен ауыстыру туралы тапсырма берді. Сондықтан бүгін талқыланған заң жобасында бұл норма келісілген. Егер заң алдағы уақытта қабылданып жатса, "оралман" түсінігі "қандас" сөзімен алмастырылады, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Осы орайда ол өзіне қай сөз жақын екенін де айтты.

Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Жеке өз басым қандас бауырларымыз деп сөйлеймін. Ол маған кішкене жақындау. Егер заң қабылданса, онда 10 заң мен 7 кодекске өзгеріс енгізіледі. Яғни, "оралман" термині барлық құжатта "қандас" сөзімен ауыстырылады, - дейді министр.

Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев нағашысымен соттасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу