«Астана» президенттік спорт клубының директоры құрықталды

Oinet.kz 03-03-2020 919

"Астана" президенттік кәсіби спорт клубының бұрынғы директоры Аманбек Күлшіков қамауға алынды.  Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

112664.jpg

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының спортты дамыту және Қазақстанның беделін көтеруге бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында "Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубының директоры Аманбек Күлшіков жекеменшік мекеме басшылары - "Astana Pro Team" велокомандасының" басшысы Ләззат Шәмшиевамен және "Astana Motorsports" жетекшісі Артур Ардавичуспен қылмыстық келісім жасап, оны жүзеге асырған. 2016-2018 жылдары Күлшіков клубтың нақты қажеттіліктерін біліп, шығындарын әдейі бірнеше есе арттырған. Сондай-ақ Шәмшиева мен Ардавичус берген ақшаны мақсатты пайдалану туралы жалған есепте қабылдаған, - деді Сергей Перов.

Оның айтуынша, артық бөлінген қаражат шетелдік компаниялармен мәмілелер жасасу және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға беру және материалдық құндылықтар сатып алу туралы жалған актілерге қол қою арқылы ұрланғанын айтты.

- Мәселен, жыл сайын демеушілер кәсіби жарыстарға қатысу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 200-ден астам брендтік велосипедтерді тегін береді. Алайда қажет болмаса да, 2018 жылы Алматы қаласында автошина сатумен айналысатын қазақстандық ЖШС-мен, 6 велосипед және оған қосалқы бөлшектер сатып алуға 219 мың еуро сомасына жалған келісімшарт жасалған. Шын мәнінде, тіпті бұл велосипедтер жеткізілмеген және ақша жымқырылған. Айта берсең мұндай мысалдар көп, - деді департамент басшысы.

Ол тағы бір мысал туралы айтты.  Бұл ақша олардың отбасы мүшелері мен спортқа қатысы жоқ басқа тұлғалардың ішкі және шетелдік рейстеріне де кеткен. Бүгінгі таңда анықталған шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асады.

- Қазіргі уақытта Күлшіков пен Шәмшиева Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында отыр. Сот оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады. Ардавичусқа, оның ішінде Интерпол желісі бойынша да халықаралық іздеу жарияланды. Оған қатысты да "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды, - дейді Сергей Перов.

Мұхтар Жәкішев қамаудан босатылды
Түркістанда мас еркек мектеп дәретханасына кіріп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу