Еліміздің вирусолог-дәрігері коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керектігін айтты

Oinet.kz 07-03-2020 1211

«Ұлттық сараптама орталығы» мемлекеттік мекемесінің вирусолог-дәрігері Бота Бердиева коронавирустен қорғану бойынша бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

0727f9be788f3af5ac122ffffeb7ea9c.jpg

Бердиеваның сөзінше, коронавирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек.

«Себебі бұл вирус ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады және иммунитеті төмен адамдардың, жүкті әйелдердің және қарттардың жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе, С дәрумендері бар апельсин, киви, итмұрынды көбірек тұтынып, теңіз өнімдерін ас мәзірінен шектей тұрған жөн», - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, аурудың ең алғашқы белгілері – дене қызуы, жөтел, әлсіздік және демігу.

«Ең алдымен жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып тұру керек. Бөлмені жиі желдетіп, түшкіргенде қол орамал қолданған жөн. Ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық масканы пайдаланып, адам көп жиналған орындарға бармаңыз. Медициналық масканы тек қана жабық бөлмеде ғана тағу қажет, әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Шетелдерге сапарды да кейінге қалдырған жөн», - дейді Бердиева.

Назарбаев туралы мақала жазған журналист сотталуы мүмкін
Коронавирус. Әлемде сырқаттар саны 100 мыңнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу