Коронавирус. Әлемде сырқаттар саны 100 мыңнан асты

Oinet.kz 07-03-2020 1026

Соңғы тәулікте Қытайдың Хубэй қаласында 28 адам қауіпті вирустан көз жұмған. Жалпы әлем бойынша коронавирустан өлгендер саны 3455-ке жетті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

34cac0e924701e5f52e3f80d2073055e.jpeg

Дегенмен Қытайда вирусты жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді. ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның мәліметінше, 6 наурыз күні елде 99 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған, бұл өткен күнге қарағанда 44 адамға кем.

Өлгендер саны 28, олардың барлығы Хубэй провинциясының тұрғындары. COVID-19 вирусы алғаш осы мекенде тараған еді. 

Қытай билгі сондай-ақ тәулік ішінде 1678 науқастың жазылып шыққанын және 4873 адамның карантиннен босатылғанын мәлімдеді.

SCMP баслымының мәліметінше, әлем бойынша 100,7 мың адам коронавирус жұқтырған. 3455-сі көз жұмса, 55 мың жазылып шыққан. Вирустан мерт болғандардың басым көпшілігі Қытай азаматтары.

Коронавирустан өлгендер саны бойынша екінші орында Италия тұр. Онда - 197 адам мерт болған, Иранда -124, Оңтүстік Кореяда – 42 және АҚШ-тың 14 тұрғыны қауіпті вирустан өлген.

Ал, Ресейде соңғы тәулікте 6 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 10, олардың жетеуі Италиядан оралған ел азаматтары. 

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Елдегі медицина ұйымдары індет татарған аймақтан келген азаматтардың денсаулығын тексеру жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Коронавирус жайлы ресми мәліметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан немесе 1406 сенім телефонына хабарласуға болады.

Еліміздің вирусолог-дәрігері коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керектігін айтты
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу