Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы бекеттеріндегі әскерилер іске кірісуде

Oinet.kz 19-03-2020 4674

Қазақстандық әскерилер 19 наурыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілгеннен кейін аталған мегаполистердің айналасындағы өткізу бекеттерінде қызмет етуде. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

a01fc87f-febd-480d-b5ef-eef3171fec1a.jpg

Ведомство мәліметінше, мұнда әскери қызметкерлер, Ұлттық гавардия мен Ішкі істер министрлігінің мамандары болады.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР ҚК Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі, қызмет кезіндегі кез келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.

Cоңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Аталмыш екі қала да коронавирусқа байланысты 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.

Тоқаевтың екінші Елбасы болуы мүмкін емес
Оқшауланған "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде не болып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу