Белгілі саясаткер өткен жылы болған Президент сайлауының бар шындығын айтты

Oinet.kz 24-03-2020 2921

Ұлт жанашыры Дос Көшім өткен жылы болған президент сайлауының бар шындығын айтты. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

92351e3b-fe4d-4052-8431-ce6efc4eec88.jpg

- Екінші мәселе сайлау бітпей мойындап қойды деген үлкен айып тағылып жатыр. Мұнысы мүлдем өтірік. Мүлдем жалған. Мен бірден айтып кетейін осыны бірден пайдаланып. Дауыс беру 9-ы күні саған 20:00-де аяқталды. Барлық бюллетень жатыр, жәшіктің ішінде. Одан кейін Әміржан не айтады, Тоқаев не айтады, басқалары не айтады. Арақ ішіп кете ма, он күн төбелесе ма, ешкімге ешнәрсенің қажеті жоқ. Соны санайтындар жауап беруі керек. Өйткені айтып жатыр ғой Әміржан көп дауыс алды деп. Шындығында тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша Әміржан Қосанов 44%, Тоқаев 48% алыпты. Бұл тәуелсіз бақылаушылардыкі, бізге ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан, Әміржан өзінікін толық орындап шықты. Иә, Экзит Полдан кейін мойындағаны бұл саяси қателік болды. Оны өзіне айттық сол уақытта. Өзі мойындады. Бірақ, өзі жауап беремін деді. Сондықтан менің ойымша бұл жерде сайлауға түскеніміз миллионнан астам мүшесі бар "Нұр Отанға" қарсы 15 адамы бар "Ұлт тағдырының" түскенін мақтанамын, дейді саясаткер.   

Дос Көшім: «Қазір шынында да Тоқаев сол Әміржанның бағдарламасын істеп отыр»
Тоқаев: «Өзгергісі келмейтін министрлер мен әкім-қаралар орнын босатады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу