Қытайдың Ухань қаласы 8 сәуірде карантиннен босатылады

Oinet.kz 24-03-2020 888

8 сәуірден бастап COVID-19 инфекциясының ошағы болған Ухань қаласына (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) кіріп-шығуға қойылған шектеу алынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

950140_2_w_800.jpg

- "8 сәуір сағат 00:00-ден бастап Ухань қаласында транзиттік жолдармен жүруге қойылған шектеу алынып, көлік құралдарының кіруіне және шығуына рұқсат етіледі. Уханнан кетіп бара жатқан адамдар жасыл "денсаулық кодына" сәйкес жүре алады", - делінген сейсенбі күні жарияланған. 

Хубэй провинциясы денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің құжатында. Мұндай ереже Хубэй провинциясында 25 наурыз түннен басталады.

Еске салайық, 23 қаңтарда 11 млн тұрғыны бар Ухань қаласында коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин енгізілді.

Қазіргі уақытта Қытайдың аталған мегаполисінде ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты, 2524 адам көз жұмған.

Хабар24-тің хабарлауынша, елде орташа есеппен өлім көрсеткіші 4 пайызды құрайды. Оның көбі Уханьда тіркелген.

ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің мәліметінше, қазіргі таңда медициналық мекемелерде 5120 науқас емделіп жатыр екен. Эпидемия басталғалы бері 81 093 адамға вирус жұққан, кейінгі мәліметтерге сәйкес, соның 72 703-і жазылып шыққан. Бұл сырқаттанғандардың шамамен 90 пайызы.

Айта кетейік, 24 наурыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы COVID-19 инфекциясы 68 адам анықталған.

Қазнетте лифтіде түкірген ер адамның видеосы тарап жатыр
Air Astana 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды тасымалдауды доғарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу