Air Astana 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды тасымалдауды доғарады

Oinet.kz 24-03-2020 1686

Air Astana әуе компаниясы 29 наурызда барлық халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

s1200.jpg

- "Күн сайын бізге қазақстандықтарды елге қайтаратын рейстер жөнінде көп сауал келіп түседі. Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.

1-23 наурыз аралығында Air Astana шетелден 37 500-ден аса қазақстандықты алып келді. Наурыздың аяғына дейін бұл сан 40 мыңға жетеді. 29 наурызда барлық халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей, БАӘ, Грузия, Жапония, Мысыр сынды мемлекеттерден елге мыңдаған адам оралғанын хабарлаған едік.

Қытайдың Ухань қаласы 8 сәуірде карантиннен босатылады
Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу