Димаш: Еліміздегі барлық дәрігерлердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді

Oinet.kz 26-03-2020 1087

Отандық әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналық қызметкерлерге алғыс айтты. Сондай-ақ, өнер иесі дәрігерлердің жалақысы көтерілсе деген тілегін де жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

image.png

Бұл туралы әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметкерлерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін.Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді", - дейді Димаш Құдайберген.

26 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

Еске сала кетсек, осыған дейін коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі кейбір дәрігерлердің жалақысы көтерілетін жазған болатынбыз.


Коронавирус жұқтырған адам: «Әйелім мен балама қоштасу видеосын жазып қойдым»
Ролан Ибрагимов қызметінде қала бере ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу