Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыға құдалыққа барған - әкімдік

Oinet.kz 27-03-2020 1111

Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел Алматы мен Шуға барған. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол Алматыға құдалыққа барған, сосын Шуға қонаққа барған. Барлық жаққа пойызбен барған. Жеке үйде тұрған",- деді облыс әкімі.

Кеше, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл - коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім. 

"Нақты мәлімет әзірше жоқ. Ол туыстарынан келген. Алматы мен Шуда қонақта болған.  Оны 25 наурызда таңғы уақытта жеткізді, 26 тамызда таңғы сағат 8-де қайтыс болды. 64 жаста еді", - деді әкім.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі әйелдің интенсив терапияның жүргізілуіне қарамастан қайтыс болғанын айтқан еді.

Онлайн концерт өткізген Роза Рымбаеваға Тоқаев жауап берді
42 мың 500 теңгені кімдер алады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу