Құдалықта коронавирус жұқтырған Алматы облысының тұрғыны анықталды
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Аймақ әкімдігі COVID-19 анықталған аудандарды атады, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Билік өкілінің мәліметтері бойынша, олардың барлығы облыстың әр ауданында анықталған. Бірінші жағдайда Іле ауданының провизор госпиталінде карантинде болған 63 жастағы әйел вирус жұқтырған. Ол коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғынымен бір құдалықта болған.


