Белгілі қазақстандық адвокаттың көлігі тұтастай жанып кетті (видео)

Oinet.kz 19-05-2020 1755

Белгілі қазақстандық адвокат Айман Омарованың көлігі өртке оранды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы белгілі журналист Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында жариялады.  

image.png

- Өртеніп жатыр. Адвокаттың айтуынша, алдымен жүріп келе жатқан көліктің тежегіші істен шыққан. Әрең тоқтатқанда, өртене бастаған. Ал, одан бір сағат бұрын адвокат тікелей эфирге шығып, шетелдік инвесторды өлтірмек болғандар мен оған құзырлы органның кей қызметкерлерінің қатысы барын айтып, тіпті, фамилияларын атап, тікелей эфирге шыққан болатын. Осы екі оқиғаның арасында байланыс бары расталса, адвокат өміріне қастандық жасалған болуы әбден мүмкін, - дейді Ирина Советжанқызы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Белгілі адвокат, Айман Умарованың көлігі, жолда өртеніп кетті. Бұл туралы Айман Умарованың өзі, әлеуметтік желісі парақшасында жария етті. Ең бастысы өзі дінаман. Бұл оқыс оқиға, қастандық болуы әбден мүмкін. Алла сабыр, амандық берсін...

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

Қытайда COVID-19 өршіді
Қытай COVID-19-дан зардап шеккен елдерге қомақты қаржы бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу