«Біздің елдің азаматтары үшін Ресей ең жақын мемлекет» - Тоқаев

Oinet.kz 03-06-2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Ресей қазақстандықтар үшін "ең жақын мемлекет" болды және солай болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

- "Біздің елдің азаматтары үшін Ресей ең жақын мемлекет болды және солай болып қала береді. Біздің халықтарымыз арасындағы сенім мен өзара түсіністік ғасырлар бойы қалыптасқан, қиын кезеңдерде біз әрқашан бірге болдық", - деді Тоқаев.

Сауалнама мәліметтері бойынша, Қазақстан тұрғындарының 75%-дан астамы РФ-ға деген сенімнің жоғары деңгейі туралы мәлімдеген, ал Ресейді ел халқы стратегиялық серіктес және одақтастық ретінде қабылдайды.

Республика басшысының пікірінше, Қазақстан дамуындағы маңызды фактор - этносаралық келісім, сонымен бірге "ұлттық азшылық" түсінігінің болмауы.

- "Қазақстанда 3,5 млн-нан астам орыс тұрады, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19%-ға жетеді. Біздің елде тұратын орыстар — біздің халқымыздың ажырамас бөлігі, олар барлық құқықтарды пайдаланады", - деді Тоқаев.

Бұл ретте Қазақстанның Ресей мен Белорусьтің одақтас мемлекетіне кіру жоспары жоқ. Республика ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД-дағы әріптестермен ынтымақтастықты жалғастыруда және осы бірлестіктерде ықпалдастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. ЕАЭО әлеуетін күшейту және оның "жаһандық ауқымдағы құрылымға" айналуы республика үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосыла ма? Тоқаевтың жауабы
Шымкентте қаза болған 17 жасар жігіттің туыстары Президенттен көмек сұрауда

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×