Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Жүргізушінің полицияда жұмыс істегені рас па?

Oinet.kz 09-06-2020 4512

Алматы блок-бекетінде жол апатына себепші болған жүргізуші оқиға орын алмай тұрып 4 күн бұрын өз еркімен ішкі істер органдарындағы қызметінен кеткені мәлім болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full15916957855e3eac8f903fc19b3b1a5e59f523ad35.jpg

Бұл туралы қалалық ПД өкілдері айтты.

"Азаматов А.Т. ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірі мен 2020 жылдың 21 мамыры аралығында патрульдік полиция инспекторы болып қызмет атқарған. Өз еркімен жұмыстан кеткен. Қызметте жүрген кезінде төрт рет сөгіс алған. Бұл оның жұмысқа жауапкершілікпен қарамауы мен қызметтік тәртіпті бұзғанына байланысты.

Қайғылы жағдайды тексеру барысында дер кезінде орындалмаған шаралар мен тәртіпті бұзып, сөгіс алған қызметкерлердің ісіне көз жұма қарау дерегі анықталып отыр. Бұған қоса БАҚ-қа теріс мәліметтер таратылған", - деп қосты ПД өкілдері. 

Айта кетейік, ІІМ жүргізген тексеріс барысында ПД бөлімінде тоғыз адамға қатаң ескерту жарияланып, тағы үшеуі лауазымдарынан босатылған. 

Қазіргі таңда кінәлі азамат жеті жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін екен. 

Белсенді Әсия Төлесова изоляторға қамалды
Шымкент қаласында «Бекжан» базарынан өрт шықты (видео сілтемеде)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу