Бұрынғы Премьер-министр лауазымды қызметке тағайындалды

Oinet.kz 24-03-2019 2528

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын ол мемлекеттік хатшының қызметін атқарды. Оған дейін Премьер-министр болды. 

Screenshot_2.jpg

Жыртқыш аю адамдарға шабуыл жасап, ауыр жарақаттады (видео)
Тоқаев бастаған шенеуніктер футбол тамашалауға келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу