Қайрат Нұртас тойға күні қарап қалмағанын, басқа да табыс көздері бар екенін айтты

Oinet.kz 15-07-2020 4304

Карантин кезде ел ішінде "Маскүнем" әнімен танылған Қайрат Нұртас "Shownewskz" бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол күні тойға қарап қалмағанын, басқа да табыс көздері барын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

- Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі "той әншілері" деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той - ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың. Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын", - деді Қайрат Нұртас. 

Сонымен қатар, ол тойдан бөлек Инстаграм арқылы да табыс табатынын жасырмады. 

- Неге гив ойнатпасқа? Мен сонда түк істемей отыра беруім керек пе? Гив ойнатамын. Гивтан маған түсіп жатқан пайдасы бар. Мен халықтан ақша жинап жатқан жоқпын. Олар тек лайк басса болды. Халық онсыз да күнде телефонмен лайк басып, неше түрлі сөздерді жазып отыр ғой. Гивта лайк басса қанша ақша беріледі, телефон беріледі, - деді өнер иесі.  

Бұдан бөлек бизнестері де бар екенін айтты.

- Қазір бір бизнес бар, бірақ ол қазір карантинде. Басқа да бизнестерім бар, онда әкем жұмыс істеп жатыр. Құдай қаласа карантиннен кейін жаңалық болады, - деді Қайрат Нұртас.

Коронавируспен күрес: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетпек
Қайрат Нұртас «Маскүнем» әні кімге арналғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу