ҰҚК еліміздегі ең ірі есірткі зертханасын жойды

Oinet.kz 07-08-2020

27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында ірі есірткі зертханасын жойды. Ол жерде синтетикалық есірткі өндіріліген деп хабарлайды Oinet.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

image.png

Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 келіден артық жоғары сапалы "мефедрон" есірткі заты (алынған партияның "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды), сондай-ақ ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы тәркіленген.  Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер алынған. ҰҚК мәліметінше, ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатау ұлттық паркі" аумағында коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан.     

Өндірілген есірткі ірі партияларда интернет желісінің "DarkNet" көлеңкелі сегментінде әрекет ететін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Бұл ретте, есірткі үшін төлемді басым көпшілігінде биткоиндармен алған.   Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі Қазақстанда тазалығы мен сапасы бойынша ұқсасы болмағандықтан, ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған. 

​Қазақстанда ең алдымен кімдерге COVID-19 вакцинасы жасалынатыны белгілі болды
«СК-Фармацияның» басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×