Петропавлда ер азамат екі баласымен бірге өртеніп кетті

Oinet.kz 08-08-2020 787

Петропавл қаласында үйде өрт шығып, 32 жастағы азамат екі баласымен бірге қайтсы болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full159685996539a7d6264574bfb2ab669c5253648ab4.jpg

Оқиға түнгі сағат үш шамасында орын алған. Өрт шыққаны жайлы хабар құтқарушыларға кеш келіп түсіпті. Өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйге жеткенше, баспананың түгі қалмай жанып кеткен. Куәгерлер үйде үш адам - екі бала мен бір ересек шығып үлгермей қалып қойғанын айтыпты. Жалпы өртті ауыздықтауға 20 адам мен 6 техника бірлігі жұмылдырылыпты. Қазір алаудың тұтану себебі анықталуда. 

"Көз жқмған азаматтың жары үйде болмаған. Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің қасында жүрген. Үйде болмағаны қазір тергеу тобымен анықталып жатыр", -деді СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев.

​Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 29, пневмониядан 17 адам қайтыс болды
Түркістан облысында басқарма басшысы 7 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу