«Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге аударып жіберіңіз» - имам

Oinet.kz 14-08-2020

Елорда маңында тұратын тұрғын Қоянды аулының имамы туысының қырқына дейін құран оқып тұру үшін ақша талап еткенен айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Елімізде жақынынан айырылып, қайғы жамылған отбасы көп. Елорда тұрғыны Айман Елемес (аты-жөні өзгертілді – ред.) те жақында ғана жеңгесінен айырылды. Әлемді жайлаған дерттің кесірінен аяқасты туғанынан айырылған отбасының Қояндыдағы имамға өкпесі қара қазандай. Неге дейсіз ғой? Ол марқұмның жаназасын шығару үшін қайғыдан қан жұтып отырған отбасыдан 50 мың теңге сұраған. Мұнымен қоймай, кешке жақын «Менің Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге аударып жіберіңіздер, қырқына дейін Құран оқып тұруым керек» депті.

Айман Елеместің жарынан айырылған ағасы имамның бұл әрекеті ұнамаса да, сұрағанын беріпті. Өйткені тура жұбайын жерлейін деп жатқанда ешкімді таба алмаған.

- «Бағасын айтпаса да, берер едік қой. Мынадай қиын кезеңде имамның бұл әрекеті бізге ауыр тиді. Індеттен аяулы анамыз бен жеңгеміз көз жұмды. Қазір отбасымызбен есімізді жия алмай отырмыз. Білесіздер, жерлеу рәсімін көпке созбай, тез аяқтауға тырысып жатыр. Оның қырқына дейін Құран оқып жүргенін біз қалай біле аламыз? Осындай кезде қалай мұндай арсыздыққа баруға болады?», – деді Айман Елемес.

Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін ұсынды
Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×