Ауа райы: бүгін 8 өңірде ескерту жарияланды

Oinet.kz 04-09-2020 868

Қазгидромет 4 қыркүйекте 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

95c5789759d1d6f0794baf136bda5d5a.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында кей жерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстіктен жел соғады, кей жерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Әли Бектаев төрағалыққа сайланды
«Ханның қызысың ба?» - белсенді аудан әкімін қызметінен кетірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу