Болманов: «Қарақат менің артымна қанша қыз жүгіргегін өз көзімен көрді»

Oinet.kz 14-09-2020 3257

Қыдырәлі Болманов Қарақатпен алғаш танысқанда қандай әсерде болғанын айтты. Алғаш көргеннен жарын сүйіп қалғанын жасырмайды. Алайда көркіне емес, тәрбиесін, мінезін ұнаттым дейді ол.

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы продюсер "Ниет" бағдарламасында айтты. 

"Біз бір тойда кездестік. Ол кезде Қарақат 18 жаста. Студент еді. Көпшіліктің алдына шығып домбырамен ән айтты. "Мына сұлудың өнерлісін-ай" деп қалдым. Бір қарағанда-ақ "осы қыз менің жарым болады" деп ойладым. Той біткен соң Қарақаттың жанына барып, "сізді шығарып салуға бола ма?" деп сұрадым. Ол апаларымен келгенін, менімен кете алмайтынын айтты. Онысі тіпті ұнады. Бәрін аяқтап, ел қайтан соң Қарақатты сұрастырып жүріп жатақханадан тауып алдым. Солай бәрі басталды", - деді Болманов. 

Продюсер бастапқыда бауыр, аға болып қолдау көрсеткен. Кейін сезімге ұласып, шаңырақ көтергенін айтады. 

"Қарақатты алдымен сынап көрейін дедім. Оның мінезін бақтым. Өзіммен сапарларға алып жүрдім. Біздің концертте сахнаға шығып  домбырамен ән айтты. Сахнаға үйренсін дедім. Бір жағынан қазақтың домбырасын насихаттайын дедім. Ол кезде біздің дүркіреп тұрған кезіміз. Қарақат менің артымна қанша қыз жүгіргегін өз көзімен көрді. Соның бәрін үйренсін дедім. Осы сыннан өткен соң оны жар еттім", - деді продюсер. 

Бірлік болмай – тірлік болмас!
3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу