Түркістанда кәсіпкерлерді блогер болып бопсалағандар сотталды

Oinet.kz 21-09-2020 877

Түркістан облысында полицейлер өзгелерді блогерлер болып бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбаны 17. Олар жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер.

image.png

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов атап өткендей  4 жергілікті тұрғыннан тұратын бұл ұйымдасқан қылмыстық топ 6 ай бойы Жетісай және Мақтаарал аудандарының аумағында заңсыз жұмыс істеген. Олар бопсалау мен алаяқтық арқылы жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың ақшаларын иемденген. 

Жалпы алғанда қылмыскерлер жәбірленушілерге 2 000 000 теңгеден астам шығын келтірген. Тіпті олар өз қызметіне заңдылық беру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрінде жалған қоғамдық ұйым ашқан. Әрқайсысына нақты рөлдер берілген. Сонымен қатар жалған куәліктер мен есімхаттар жасаған. Олар жәбірленушілерге өздерін блогерлер, журналистер және заңгерлер ретінде таныстырып отырған. Қылмыскерлер барлық әрекеттерді бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытып, олардан ақша талап еткен.

- Мысалы, 2019 жылы Мақтаарал ауданында күдіктілер құрылыс алаңдарының біріне барған. Содан құрылыс жұмыстары нашар сапамен, бұзушылықтармен жүргізіліп жатыр деген сылтаумен құрылыс фирмасының басшысынан 500 мың теңге талап еткен.

Басқа жағдайда, яғни өткен жылдың күзінде сотталғандар экологияны қорғау түрімен жергілікті фирмалардың бірінің кеңсесіне келіп, директордан ай сайын 100 мың теңге көлемінде төлем талап еткен. Жәбірленуші өз кезегінде Жетісай АПБ-не арызданған. Жасалған қылмыстардың ауырлығы мен бірегейлігін ескере отырып, қылмысты ашуға және тергеуге облыстық криминалдық полиция қызметкерлері мен тергеушілері аудандық полиция қызметкерлеріне көмекке жіберілді. Яғни, біз аудандық және облыстық полицияның үздік қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті дәлелдер жинақталды және қылмыскерлер ақша алу кезінде ұсталды. 10 ай ішінде осы қылмыстық топтың әр қатысушысының кінәсі толығымен дәлелденді. Сонымен қатар бұл топ ұйымдасқан сипатта бопсалау мен алаяқтықтың 17 жайтына қатысты болып шықты, - дейді Қ.Сахов.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен мүшелері Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-бөлігі (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 194-бабы (Қорқытып алушылық) және 190-бабы (Алаяқтық) бабы бойынша 10 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Қазақстан ұйымдасқан қылмыс бойынша рекорд орнатқан
Тағы бір әкім отставкіге кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу