Украина президентімен кездескен танымал кәсіпкер мәлімдеме жасады

Oinet.kz 22-09-2020 1068

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Украина президентімен жүздесті, деп хабарлайды Oinet.kz. Қоғам белсендісі бұл туралы Instagram парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

- Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік”, – деді ол.

Қазақ кәсіпкері осы кездесуде Зеленскийге реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын таныс еткен. Сейсембайдың жобалары Украина президентінің көңілінен шыққан.

- Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы “кешеден” бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. 

Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын.  Жұмыс көп, қызық әрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс.

Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды”, – дейді Марғұлан Сейсембай. 

Кәсіпкер алдағы уақытта Украинадағы өмірінен жазбалар жариялап отыруға уәде берді. Оның атап өткеніндей бірінші кезекте көші-қонмен байланысты тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинауы керек.

Сондай-ақ оқырмандарынан осынау мәлімдемені саясиландырмауды сұрады.

- Былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жәрдемдесем. Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық әрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім – процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін – кәсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді”, – дейді Марғұлан Сейсембай.

Әблязов пен Храпунов шетелдік банктер арқылы қомақты қаржы жымқырған
Сапарбаев Шудың анашасын кәдеге жаратудың жолын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу