Сенатор Нұртөре Жүсіп бастауыш сыныпқа жаңа пән енгізуді ұсынды

Oinet.kz 20-11-2020 1042

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп мектептерде бастауыш сынып оқушылары үшін адам құқықтарының негіздері туралы пән енгізуді ұсынды.

Нұртөре Жүсіп.jpg

Нұртөре Жүсіптің премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалына кәмелетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбейіп бара жатқаны негіз болды.

"Жыл сайын балаларға қатысты қылмыс саны көбейіп отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл елімізде мұндай жағдай 8 пайызға өскен. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі де себеп болды. Жалпы 70 пайыздан астам жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды жақын, туыс адамдар жасайтыны алаңдатады", - дейді депутат.

Оның айтуынша, 2013 жылдан бастап мектеп бағдарламасына «Адам. Қоғам. Құқық» деген пән енгізілген. Дегенмен оны оқыту 9-сыныптан басталады.

"Бұл ретте бағдарламаның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен оларды қорғау тәсілдерінен гөрі, адам табиғаты туралы философиялық тұжырымдамаларды көбірек қозғайды. Ұсынылып отырған жаңашылдық практикаға бағдарланған сипатта болуға және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері мен құралдары туралы ақпаратты да қамтуға тиіс. Бұл жағдайда осы пәнді бастауыш сыныптардан бастаса орынды болар еді", - дейді Нұртөре Жүсіп.

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы
Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының маңызды құралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу