Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетеді

Oinet.kz 05-01-2021 1007

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылдың 17 қаңтарында АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Dimash news басылымына сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергенов.png

Дәстүр бойынша іс-шараны қалалардың халықаралық қауымдастығы - Sister Cities International ұйымы өткізеді. Оның құрметті тең төрағасы АҚШ-тың сайланған президенті Джозеф Байден болды. Іс-шараға дипломатиялық корпус та қатысады.

Коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты шара онлайн-форматта 2021 жылғы 17 қаңтарда сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 6.00-ден 8.00-ге дейін) өтеді.

16 қаңтарда, іс-шараға бір күн қалғанда, қазақстандық орындаушы DIMASH DIGITAL SHOW-дың алғашқы онлайн-концерті өтеді.

«Зұлматтың кесірінен қырылмағанда, халқымыздың саны көп болар еді» - Тоқаев
Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу