Сейіт Белгібаев: Халықтың маңдай терімен салынған нысанды бұзу ұят (Ипподром туралы)

Oinet.kz 21-01-2021

Үшінші мегаполисте өршіп тұрған ипподром дауына қатысты Амалбек Тшановтан кейін Шымкент қаласына басшылық жасаған, бүгінде Алматыда тұратын зейнеткер Сейіт Белгібаев өз пікірін білдірді: 

Сейіт Белгібаев.jpg

– Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген жылдар еліміз үшін ең ауыр кезең еді. Тоқырау, дағдарыстан қаланы алып шығу оңай болған жоқ. Қоғам қайраткері Асанбай Асқаров бастамашы болған ипподромның қалай бой көтергенін бәріміз білеміз. Атшабар – жұрт болып жұмылып, асарлатып, халықтың маңдай терімен, өз  қолымен салған тарихи нысан. Халықтың  тері төгілген, еңбегі сіңген  нысанға қол салу ұят тірлік. Оның үстіне зообақ, дендросаябақ, «Тұлпар» көлі, ипподром барлығы бір-біріне жақын орналасқан,  өзара үйлесіп тұрған қаланың демалыс кешені.  Кейінгі әкімдер бұл орындарды жаңғыртып, жарықтандырып, тұрғындардың серуендеуіне лайықты етіп жасап қойды. Ипподром да  барлық стандарттарға сай келеді. Осындай табиғаты әсем, жанға жайлы, жасыл желектің ортасына барып үйлерді салсақ не болады?  Сондықтан тұрғын үй кешенін басқа аумаққа салған ұтымды деп есептеймін, - дейді Шымкенттің экс-әкімі.

ТОЛЫҒЫРАҚ:

Ипподром мәселесі.jpgШымкенттегі ипподром дауына қатысты экс-әкімдердің пікірі де екіге жарылды

Как казахи стали признанными виноделами в мире
Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін марапаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×