Ескі ипподромның жері мемлекетке қайтарыла ма?

Oinet.kz 03-05-2023 472

Шымкенттегі жер дауы бұған дейін қоғам белсенділері, тәуелсіз заңгерлер қозғап келген тақырып болса, енді міне, оған енді бақылаушы органдар да назар аудара бастады. Алайда бұл бағытта көтерілген мәселе бар, бірақ нақты ешқандай нәтиже жоқ. 

Screenshot_11.jpg

Жер комитетінің төрағасы– Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов фейсбуктегі парақшасында  «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-на заңсыз табысталған жер учаскелері туралы ақпараттарды жария етті.

Төрағаның жазғандарынан түсінгеніміз, Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті Шымкент қаласы әкімдігінің 2021-2022 жылдары аралығында жер учаскелерін табыстау туралы қабылдаған қаулыларына профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ–на инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енбеген (көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыстарына, коммерциялық нысандар үшін) қызмет түрлері үшін жер учаскелерін жүйелі түрде бергенәі анықталған.  Нақтырақ айтқанда 168 жер учаскесі (81,4 га) Жер кодексінің талаптарын бұза отырып табыстаған. Қазір осы фактілер бойынша жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқама беріліпті. Сонымен қатар, Шымкент қаласы прокуратурасымен бірлесіп, Шымкент қаласының әкімдігінің 2018-2020 жылдары арылығында жер учаскелерін табыстау туралы қабылданған қаулылары бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 97 жер учаскесінің (91,5 га) ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып табысталғандығы анықталған. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан 2018-2022 жылдары аралығында жалпы 265 жер учаскесі (172,9 га) Жер кодексінің 48-бабының талаптарын бұза отырып берілген. Бүгінгі күнге 7 - жер учаскесі бойынша (2,01 га) құжаттар соттың шешімдерімен жарамсыз деп танылып, мемлекет меншігіне қайтарылған. 36 - жер учаскесі (0,0766 га) бойынша жасалған келісім шарттар уәкілетті органмен бұзылып, мемлекет қорына кері қайтарылған. 51 - жер учаскесі (39 га) бойынша сотқа-талап арыздар беріліп, ол Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр екен. 

Шымкент қалалық әкімдігінің «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жер телімдерін алпауыт құрылыс компанияларына бергенін бұған дейін белгілі заңгер, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те жазған болатын.  Заңгердің айтуынша, 2021 жылы Шымкент қалалық әкімдігі бұрынғы ипподромның 17,3 гектар жерін алдымен "Shymkent" әлеуметтік кәсіперлік корпорациясына 5 жылға берген. Бұдан кейін ӘКК бұл жерді «Жас НС» деп аталатын компанияға сатып жіберген. Екіарада сату-сатып алу келісім шарты жасалған. Бұдан кейін әкімдік жердің пайдалану нысанын «көпқабатты тұрғын кешенін салу» деп  өзгертеді. Заңгердің айтуынша, мұның бәрі Жер кодексіне де, Кәсіперлік кодексіне де қайшы келеді. Бақытжан Базарбектің жазған хаттарынан кейін Шымкент қаласы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті экономикалық сотқа талап арыз берген. Алайда сот талап арызды қанағаттандырмаған.  Сот салынып жатқан көпқабаты тұрғын үйдің инвестициялық емес, инновациялық жоба екендігіне арқа сүйеген көрінеді. Алайда Бақытжан Базарбек мұның негізсіз екендігін, сот шешіміне апелляциялық шағым берілетінін, тіпті бұл істі Бас прокуратураның бақылауына алғанын жазған еді.  

Алайда бізге мәлім болғандай, Шымкент қалалық соты жер ресурстарын басқару департаментінің берген апелляциялық шағымы бойынша ұйғарым шығарған. Осы ұйғарымға қарағанда, сотқа апелляциялық арыз дұрыс берілмеген. Сот кемшілікті түзетуге мерзім берген. Бұл мерзімде кемшілік түзетілмеген. Ақыр аяғында сот наурызда алғашқы соттың шығарған шешімін өзгеріссіз қалдыру жөнінде ұйғарым шығарған. Қоғам белсенділері көтерген мәселе осылайша аяқсыз қалды. 

Ескі ипподромның жеріне қатысты мәселе осыменен тоқтай ма?

«Рейтинг» газеті

Сұлтанханов сынға ілікті
Шымкенттегі жемқорлықтың көбеюі елордада талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу