«Күйеуің қатал болса көрер ем»: Жазира Байырбекова жауап берді

Oinet.kz 21-03-2021 1823

Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман. Белгілі әнші Жазира Байырбекова өзін сынға алған желі қолданушыларына жауап берді.

Screenshot_1.jpg

Әншінің айтуынша, танымал болмас бұрын өзі де қарапайым жандар секілді өмір сүрген. Яғни сиыр да сауған, қолымен кір де жуған тіпті, базарда жеміс-жидек те сатқан.

"Ауылда тұрсаң көрер ем" дейді біреу. Мен ауылда тұрдым ғой. "Сиыр саудырып қойса көрер ем" дейді біреу. Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман.

"От жағып, күнде 5-6 адамның тамағын жасайтын болсаң көрер ем" дейді біреу. Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын жасап, ыдысын, кірін кір машинасыз қолмен жуған кездерім де болды.

"Біз сияқты базарда тұрсаң көрер едім" дейді біреу. Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Боралдайдың базарында Жәкең екеуміз жеміс жейдек саттық. Ашық базарда таңғы 7-8-ден түнгі 11-ге дейін тұратынбыз.

"Біз сияқты көпбалалы болсаң көрер ем" дейді біреу. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде үнемі 10 шықты адам тұрамыз, жүреміз.

"Күйеуің қатал болса көрер ем" дейді біреу. Қызылорданың жігіттері әйеліне жұмсақ болады деп кім айтты?!

 "Өмірлері рахат, әдемі киініп алып ары-бері ұшып жүреді" дейді біреу. Шаршап тұрғанымызды, ауырып тұрғанымызды көрсете берсек, 3 млн-нан аса оқырманымыз болмас еді" , - дейді әнші Instagram парақшасында. 

Дереккөз: Nur.kz

Иманбек әкім ұсынған 2 миллион теңгеден бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа аударды
Жұмысынан қайта оралмаған: Алматыда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу