Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай ақшаны қайдан алатынын айтты

Oinet.kz 10-04-2021 1223

Танымал дінтанушы, елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай отбасын қалай асырайтынын жасырмай айтып берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында дінтанушы мешіттен жалақы алмайтынын мәлімдеді. 

- Мен мешіттен айлық алмаймын. Айлықтан ресми түрде бас тартқам. Мен мешітті азамат ретін өзім оқыған білімнен берейін деп қосымша жұмыс ретінде қарастырамын. Өзімнің жеке бірнеше кәсібім бар. Бірақ ісі бизнес емес. Отбасымды баққанға, жүріп-тұрғаныма, туған-туысқандарыма көмектескенге жетеді. Жылына зекетімізді беріп тұрамыз. Ол жерде (бизнесте - автор) жігіттер жұмыс істейді. Ол жерде менің өз үлесім бар. Таңертең барып кешке келетін жұмыс емес. Анда-санда барып "былай істеген дұрыс шығар" дегендей пікірімді, идеямды айтамын. Негізінен онда бауырларым, інілерім, таныс жолдастарым жұмыс істейді. Мен идея айтамын, керек кезде қаржы беремін. Бизнесті реттеп, қаржылық тәуелсізбін дейтіндей дәрежеге жеттік. Мүмкін, менде 200-300 млн теңге болуы мүмкін, бірақ ол бизнес ретінде болуы мүмкін, бірақ бұл сыр болып қалсын, - дейді Қайрат Жолдыбай.

Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін - Айман Сағидулла
Министрдің қатысуымен мәдениет қызметкерлері 300 түп ағаш екті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу