«Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ» - қызынан таяқ жеген ана

Oinet.kz 11-05-2021 5437

OINET.KZ - Жақында әлеуметтік желіде қарт әжені немересінің көзінше аяусыз ұрып-соғып, тепкіге алған әйел жұрттың жағасын ұстатты. Видеода көк футболка киген әйел қарт кісіні темір самокатпен желкесінен аяусыз салып қалады. Сосын оны ту сыртынан жуан жұдырығымен түйгіштеп, артынан аяғымен тебеді. Әжей әйелге жауап қатпай, үн-түнсіз кете барады. 

photo_360948.jpeg

Көп ұзамай осы видеоның жалғасы шықты. Видеода қарт әжей өз қызынан таяқ жегені белгілі болды. Ролик авторы қарияның жағдайы жақсы екенін, әйелдің ауру деген қағазы бар екенін көрсетеді. Автордың айтуынша, жанжал қария мен оның кіші қызының арасында болған. Бірақ қария басқа қызының қолында тұрады екен.

“Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ. Арамызда реніш жоқ. Дене жарақатын алмадым”, – дейді қарт кісі видео авторының сұрақтарына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)

Ерке Есмаханды «өлтірген» кім? - Әнші жауап берді
Танымал актер Қанат Әлжаппаров тойға шығу гонорары қанша екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу