Сәкен Майғазиев өзіне келін іздейтінін мәлімдеді

Oinet.kz 01-06-2021 2635

Танымал әнші, "Музарт" тобының солисі Сәкен Майғазиев ержеткен ұлы Әділет Майғазиевке келіншек іздейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлады Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

"Студент кезімде түрім тура осындай болатын. 2000 жылы сабаққа баламды алып келгем. “Дәлізде тұра тұр, қимылдама, қазір шығам”, деп кітапханаға кіріп кеткем. Кітаптың қызығына түсіп, баламды ұмытып кетіппін (күнде әкеліп жүрмеген соң). Екі сағаттан соң (екі сағат деген өтірік енді), бір сағаттан соң шықсам, балам тұрғызып кеткен жерімнен бір қадам жылжымаған ғой. АЛЛАға шүкір, балам байсалды. Келін іздеймі-і-ін! Нақтырақ айтқанда, көргенді жерден көктеген, көркем мінезді, қарапайым құда-құдағи керек! - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Еске сала кетейік, былтыр Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып қызметке тағайындалған болатын.

Алтынай Жорабаева әкесін құттықтап көпшілікті жылатты (видео)
Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастауға қатысты жаңа ереже енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу