Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлімен қалай танысқанын айтып берді

Oinet.kz 12-06-2021

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановпен қалай танысқанын еске алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Алматыда алғаш «Ана» атандым!

“Алғашқы махаббат, жүректі тербейді” деген де осы қаладан басталды.⠀

Көктөбенің шыңында....Түнгі қала. Әдемі кешкі ас. Әсерлі әңгіме... Қыдекеңмен көп баратын орнымыз Көктөбе болды.

Ләлә деп атаймын, Қымбат апайымның үйінде тұрдым ғой. Қатал болатын. Сыртқа беталды жібермейді. Жұбанышымыз баяғы городской телефон. Қыдекең бір қыздарға звондатқызып менi сұратады да, арғы жақтан мен “ алло” дегенде тұтқаны өзі алатын да, тез-тез сөйлесеміз. Ләләм қонаққа не бір шаруамен кеткенде ғана ұзағынан әңгіме айтамыз. Ол кезде

“АБК” тобы ХИТ, Қыдекең тұтқаның арғы жағында гитарамен “Тамшылар”, “О да любви” деген әндерді айтады,тыңдап жатып талай ұйықтап кеткен кездерім болатын.

Бір күні Қыдекең Көктөбеде ТИР атып 'супер приз' үлкееен аюды ұтып алады. Оны маған сыйлап әлгі жерде. Мен әрі қуанып, әрі “мұны қайда апарам” деп уайымдап, керемет үлкен еді, машинаның багажына әрең сыйғаны есімде. Ақыр соңы ешқайда апара алмай Көктем өзеніндегі бір мосттың астына қойып кеттім бе, әйтеуір жоқ болды. Әттеген-ай. Қаншама оттай қызыл раушан гүлдер. Солай далада қалды ғой. Тәртіп қатал,өзім де өте ұяң болдым.

Он үш жасымда оқушы болып келгенмін Алматыға. Интернатта жатып оқыдым. Мектеп. Оқушылар сарайы. Жатақхана... Бәрі де қызық кездер еді шіркін! Одан жоғары оқу орнына түстім. 1-курсқа түскен жылы Қыдекеңмен таныстым. Оның өзі бір бастасам үш күн, үш түн тоқтамай жырлайтын қызық әңгіме. Бір реті келгенде жазармын, мүмкін.

Бүгін осы Алматының көшелерін, тауларын, ауа-райының құбылмалы мінезін көріп бәрі де еске түсті. Көз алдымда өтіп жатқан лентаны сол күйінде жазған болдым.

Ал енді сіз айтыңыз, Алматымен байланысты қандай естелігіңіз бар?!

Алматы сізге несімен ыстық?" - деп жазды әнші.

Қасым-Жомарт Кемелұлымен Қазақстанның жолы болды - Роза Отунбаева
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әзілі көпшілікті қыран-топан күлдірді (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×