Ресейлік ЖОО-да атыс шықты: студенттер терезеден секірген

Oinet.kz 20-09-2021

Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секіріп жатыр. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, ғимараттан шығып үлгерген, ал басқалары сыныптарда жасырынған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

59.RU басылымы мәліметінше, оқу орнының баспасөз қызметі атыс болғаны туралы ақпаратты растаған.

- "Ер адам травматикалық қарудан оқ атқан, бір адам зардап шеккен. Ол басынан жараланған, бірақ есін біледі. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Жасылды таңда — вакцинаны таңда
Кедей туристерге Балиге кіруге тыйым салынуы мүмкін


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×