«Ердоған «өлді» - ақпарат қаншалықты рас?

Oinet.kz 04-11-2021 1104

Twitter-де Түркия президенті Ердоған туралы қауесет таралуына байланысты 30 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ердоған.jpeg

Twitter-де Түркияның қазіргі президенті туралы #death хэштегі тараған.

- Хештег астында президенттің абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын жалған ақпарат пен түрлі контент таратқан 30 адам анықталды. Оларға қарсы іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жалған ақпараттары бар хабарламалар бойынша тергеу жүргізіліп, нәтижелері сот органдарына жіберіледі.

Биыл Қазақстанда азық-түліктің қай түрі қымбаттады?
Алексей Цой еңбек демалысына шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу