Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті

Oinet.kz 06-12-2021 857

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Режеп Тайып Ердоған.png

Жарлық мәтінінде бұл өзгеріс бай мәдениет пен мұраны көрсететіні әрі түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретінде адалдығын растауға арналғаны айтылған.

Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжатында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.

Назарбаев Тоқаев туралы пікір білдірді
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 632 адам тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу