Алматы-Қорғас тас жолында көліктер жаппай апатқа ұшырауда (видео)

Oinet.kz 25-12-2021 1560

Көк тұман, көктайғақтың кесірінен Алматы-Қорғас тас жолында 40-тан астам көлік соқтығысты. Жол апатынан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Жолдағы оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

image.png

Куәгерлер жіберген бейнежазбада жол апаты бүгін болғаны айтылады. Онда ондаған көлік тайғанақтап барып, бір-бірін соққанын байқауға болады. Әзірге соқтығыстан адам шығыны бар ма, жоқ па белгісіз.

- "Ақылы жолдан тек ақша алуды білетін ҚазАвтоЖол мұзға неге тұз сеппейсіңдер?", "Еуропада осындай бетонкаларда спираль секілді тоқпен мұзды ерітетін системалары бар ғой. Сонша ақша алып отырып, бізде неге жоқ екен", "Көк тұманда бетонның үсті қабыршықтанып қатып қалған. Құдай сақтасын! Абайлап жүріңіздер", — деп жазды желі қолданушылары.

«Бадам» қазақ-түрік индустриялды аймағының табысы артып келеді
Төрт баланы құтқарған мектеп оқушысына пәтер сыйлауды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу