«Сен кімсің, кекіреймей жүр»: Меруерт Түсіпбаева министрдің кеңесшісін сынға алды

Oinet.kz 11-01-2022 12048

Меруерт Түсіпбаева энергетика министрінің кеңесшісі Олжас Байдильдиновқа қатысты өз ойын ортаға салды. Әнші жас шенеуніктің сөзіне қарсы шықты. 

Screenshot_33.jpg

“Ел басына күн туғанда, халықпен бірге бол! Кекірейме! Саған кейбір өз-өзіне қол жұмсап жатқан генерал ағаларымыздың тағдыры сабақ болғай! Өзің немен жүресің?! Астанада велосипедпен жүр дер едім. Сен халықпен бірге автобуспен жүруге лайық емессің. Кімсің сен?”, – деп жазды әнші.

“Айдың-күннің аманында, ойда-жоқта мезгілсіз, елдің болашағы жарқын болсын деп бейбіт шеруге шығып, қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Өкінішті. Бейбіт күнде адамдар өліп жатыр. Кім үшін? Не үшін?

Алматыдағы лаңкестік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
«Дикий Арман» өзін «ҰҚК-ның адамы» деген жігіттің басынанан тепті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу