Тоқаев Өзбекстан байларын мақтар, Қазақстан байларын қатаң сынға алды

Oinet.kz 29-01-2022 920

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында Өзбекстанның бақуатты азаматтарын мысал ете отырып, Қазақстандық дәулеттілермен салыстырды.

Screenshot_5.jpg

“Бір кездері өз ішімізден шығып халқымыздың тапсырысы бойынша жұмыс істеп, қомақты қаржы тапқан лоббистер сол ақшаны елден кеткен соң небір шерулер ұйымдастыруға жұмсады. Олар “неғұрылым жаман болса, соғұрылым жақсы” деген қатыгез қағида бойынша әрекет етеді. Ал осындай жағдайды Өзбекстанмен салыстырсақ, олардың халқы керісінше сырт мемлкеттерге барып еңбек етіп, елге оралған соң өз отандарының гүлденуіне қол ұшын созып, президенттерінен тапсырма беруін өтінеді. Осылайша өз қаражаттарына ауруханалар салып, инфрақұрылымдар жүргізеді. Бұл біздің ел ішінде немесе сыртта жүріп өз жеріне бүлік ұйымдастыратын дәулеттілер мен өзбек бақуаттыларының арасындағы үлкен айырмашылық”,- деді президент.

Еске салсақ мемлекет басшысы осыған орай “Қазақстан халқына” қорын ұйымдастырған болатын.

Шағын және орта бизнес үлесін арттыру - ел экономикасын жаңғыртудың негізі
Алматыда көлікте жанып кеткен ерлі-зайыптының балалары: Мұндай қайғыны ешкімге тілемейміз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу