Бүгіннен бастап кедейлердің жағдайы нашарлап, байлар байиды

Oinet.kz 25-04-2022 4117

Screenshot_13.jpgБүгін Ұлттық банк пайыздық ставканы 14%-ке көтерді. Енді депозиттердің пайызы өседі. Кредиттердің пайызы керісінше өседі. 14%+банктің пайызы+банктің рискісі бар дегендей. Сіңірлерге бұл жаман жаңалық. Ипотекалық пайыз, тұтынушы кредитінің пайызы, лизинг бәрінің пайызы өседі. Банкте депозиті бар байларға жақсы. Ақшасына тағы да ақша қосылады. Қазірдің өзінде үйдің бағасы сәл пәл арзандады. Себебі халықта ақша жоқ. Жоғары пайызбен ешкім кредит алғысы жоқ. Ипотека тоқтаса құрылыс азаяды. Жұмыссыздық көбейеді. Ошым арты жақсы болмайды. Пайызды көтермесе адамдар доллар жинай бастайды. Инфляция өседі. Баға өседі. 

Мұның бәрінің себебі біздегі өндірістің жоқтығы. Өндірісі жоқ елдерде пайыздық ставка үнемі жоғары болады. Пайыз харам дейтін мұсылман елдерінде Иранда 18%, Өзбекстанда 17%, Түркияда 11.25%, Египетте 9.25% болса пайыз харам демейтін Еуропалық зонада пайыз 0, Жапонияда -0.1, Швейцарияда -0.75. Біздің төңіректе Қырғызстанда пайыздық ставка 4.25%, Азербайджан 6.25%, Қытай 4.15%. Ағайындар біздің Ұлттық банк пайызды осылай ұстаған соң шетелдегідей 5-6% деген біздің түсімізге де кірмейді. Бізде ең кемінде 15%-дан кредиттер шығады. Сіз бен біз айлық алып жоғары пайызды жабамыз.

Пысы. 29-ыншы сәуірде Ресейде Орталық банктерінде жиналыс болады. Пайыздық ставканы 14-15-ке түсіреді деп жатыр. Біз керісінше көтердік.

Сәбит Рысбаевтың Facebook парақшасынан

«Өзімді өлтірейін бе?» - Мейіржанның әйелі өзіне қол жұмсамақ
«Мұхамед пайғамбар тіріліп келіп шақырса да қазақ алаңға шықпас еді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу